Қазақстандықтар кафе-мейрамханаларға жұмсайтын қаржысын үнемдей бастады

0
732

Тамақ бағасы қымбаттап кеткен.


Қазақстандықтар кафе-мейрамханаларға жұмсайтын қаржысын үнемдей бастады

ERNUR.KZ. Бұл туралы сала мамандары LS порталы жүргізген зерттеуде айтты, деп жазады Zakon.kz.

«Qaganat» асханалар желісінің негізін салушы әрі басшысы Шынар Бұғымбаеваның айтуынша, желінің тәуліктік айналымы 25 пайызға азайған.

Пандемияға дейін асханалар желісіне тәулігіне 900-1,2 мың теңгелік орташа чекпен 20,5-28,5 мыңдай адам келетін болса, қазір келушілер саны 17 мыңнан 22,8 мың адамға дейін азайды. Сонымен бірге орташа чек 1,3 мың теңгеден 1,7 мың теңгеге артты. Тағам түрлері сол қалпында қалғанымен, баға 40 пайызға қымбаттады.«Qaganat» асханалар желісінің басшысы Шынар Бұғымбаева

Шынар Бұғымбаева тағам бағасын қымбаттатуға бірнеше фактор әсер еткенін алға тартты.

Біздің салада бағаның қымбаттауына біздің ықпалымыз жүрмейтін бірнеше фактор әсер етеді.Ол тамақ жасалатын ет, сүт, ұн, көкөніс, балық сынды негізгі азық-түлік бағасы. Егер осы азық-түліктердің бағасы қымбаттайтын болса, еттен жасалатын тағамдарды, нан өнімдерін, десерт түрлерін азайтуға тура келеді. Бұдан бөлек, өзіндік құнға коммуналдық шығындар, жалға алу төлемі, энергия тасымалдаушылардың бағасы әсер етеді. Сондықтан да биыл және өткен жылы болған бағаны сақтап қала аламыз деу қиын.Шынар Бұғымбаева

Оның айтуынша, 2020-2021 жылдардағы локдауынның кесірінен бірнеше қоғамдық тамақтандыру орны қызметкерлері мен олардың жалақысын қысқартқан.

Бірнеше мейрамханаға иелік ететін кәсіпкер Юрий Негодюк те азық-түлік бағасы орта есеппен 28 пайызға қымбаттағанын, осыған орай мейрамханалар мен барлардағы бағаны 15-20 пайызға қымбаттатуға тура келгенін алға тартты.

«Қазақстан рестораторлары клубының» қаржы директоры Ирина Лебедева да тақырыпқа орай пікір білдіріп, еліміз бойынша мейрамхана, кафе мен асханалардың 30 пайызға жуығы жабылып қалғанын айтты.

Азық-түлік себетінің қымбаттауына байланысты қоғамдық тамақтандыру нысандарының айналымы азайды. Тамақтың бағасы орта есеппен алғанда 15 пайызға қымбаттады, алайда Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Түркістан облысында баға қытты қымбаттады. Бұған жалға алу құны мен азық-түлік бағасының қымбаттауы әсер етіп отыр."Қазақстан рестораторлары клубының" директоры Ирина Лебедева

Ирина Лебедева инфляция жоғалмайтындықтан бағаның келер жылы да қымбаттай түсетінін айтты.