Қазақстандықтар ХҚКО-ға міндетті брондаусыз бара алады

0
806

Терминалда клиенттің ЖСН-ін теру барысында ақпарат Ashyq жүйесіндегі деректермен сәйкестендіріледі, қауіпті мәртебе анықталса, бағдарлама талонды басып шығармайды.


Қазақстандықтар ХҚКО-ға міндетті брондаусыз бара алады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар ХҚКО-ға 23 тамыздан бастап міндетті брондаусыз кіре алады. Мұнда Ashyq жүйесіндегі мәртебені тексеру тәртібі сақталады, деп жазады baq.kz.

Міндетті брондау санитарлық дәрігерлердің басты талабы болды, мұндай жұмыс тәртібі клиенттердің бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді, бір апта аралығында брондау үшін бос уақыт табу қиын болды. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер енді мемлекеттік қызметтерді Міндетті алдын ала брондаусыз ала алады. Бұл ретте электронды тәсілмен кезекке тұру мүмкіндігі бұрынғы тәртіпте қалады. Бұл жағдайдағы клиенттің артықшылығы – операторға ұзақ кезексіз жүгіне алады. Біз келушілердің саны өсетінін түсінеміз, сондықтан санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауларыңызды сұраймыз – бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Ә. Қожықов.

Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы талондарды беру жүйесін Ashyq-пен өзара ықпалдастырды. Бұл клиенттің мәртебесін ХҚО-да кезек талондарын беру кезінде де тексеруге мүмкіндік береді.

Терминалда клиенттің ЖСН-ін теру барысында ақпарат Ashyq жүйесіндегі деректермен сәйкестендіріледі, қауіпті мәртебе анықталса, бағдарлама талонды басып шығармайды.