Қазақстандықтар ХҚКО-ның онлайн қосымшасы арқылы 6,4 млрд теңге салық төлеген

0
600

Сонымен қатар ол «ХҚКО» мобильді қосымшасын таныстырды.


Қазақстандықтар ХҚКО-ның онлайн қосымшасы арқылы 6,4 млрд теңге салық төлеген

ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Сонымен қатар ол «ХҚКО» мобильді қосымшасын таныстырды.

Бұл қосымша арқылы клиенттер ХҚКО операторына бейнеқоңырау шалып, өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерді ала алады. Әзірге қосымшада 13 қызмет қолжетімді, жыл соңына дейін тағы 24 қызметті қосу жоспарланып отыр. Қосымшаны қазақстандықтар 32 490 рет жүктеп алған, операторлар 36 915 бейнеқоңырау қабылдап, қосымша арқылы азаматтарға барлығы 13 647 мемлекеттік қызмет көрсетілген, - деп атап өтті Сүйеніш Әбділдин.

Айтуынша, қағазсыз болашақ жолында онлайн салық төлеу іске қосылып, тіпті ел қазынасына сол арқылы қомақты мемлекеттік баж да түсіп үлгеріпті.

ХҚКО-ларда кезекті болдырмау мақсатында мемлекеттік корпорация 2021 жылы екінші деңгейлі банктермен бірлесіп мемлекеттік бажды QR-кодпен төлеуді енгізді. 2021 жылдың мамыр-желтоқсан аралығында 638 мың транзакция, ал 2022 жылдың алғашқы тоқсанында 411 мың транзакция жүргізілді. Сервис іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар жалпы сомасы 6,4 млрд теңгеге 1,1 млн рет пайдаланып үлгерген. Бұрын мемлекеттік бажды кассаларға төлегенде клиенттер 300 теңге мөлшерінде комиссия төлейтін, QR-төлемнің арқасында олар 300 млн теңге үнемдеді, - деді басқарма басшысы.