​Қазақстандықтар құмар ойындардың салдарынан қандай қылмыстар жасайды

0
1 070

"Құмар ойыншылардың ойыншылардан бөлек, кінәсі жоқ адамдарға материалдық және техникалық шығын келтіріп жатқан жағдайлары аз емес.


​Қазақстандықтар құмар ойындардың салдарынан қандай қылмыстар жасайды

ERNUR.KZ. Видеодан алынған кадр Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов қазақстандықтардың құмар ойындардың салдарынан қандай қылмыс жасағандарын айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Байболов ірі сома тігіп, одан ұтылудың азаматтардың эмоционалдық жағдайына әсер етіп, нәтижесінде олардың қылмыс жасауға баратынын айтады.

"Құмар ойыншылардың ойыншылардан бөлек, кінәсі жоқ адамдарға материалдық және техникалық шығын келтіріп жатқан жағдайлары аз емес. Былтыр наурызда Алматыда ер адам үйінен 2 миллион 300 мың теңгені алып кетіп, соңында ол ақшадан айырылған. Сондай-ақ, 2017 жылдың тамызында ер адам казинода ірі сомадағы ақшаны ұтылып, артынша бұзақылық жасап, көлікті өртеп кеткен. 2018 жылдың сәуірінде Шымкентте бинго-клубтардың ойыншысы ірі сомадан айырылған соң эмоцияға беріліп, тіпті анасы мен атасын өлтірген. Мұндай мысалдар жетеді", - деді Байболов құмар ойындар жайлы өткен дөңгелек үстел барысында.

Бұдан бөлек, ол таяуда Алматыда букмекерлік кеңсеге жасалған қарақшылық шабуылға пікір білдірді.

"Қылмыскерлер күзетшіні, кассирді жарақаттап, миллион теңгеден аса ақшаны иемденген. Күзетшілердің айтуынша, мұндай жағдай жиі болады. Ойыншылар жеңілістен кейін эмоцияға беріліп, қызметкерлермен жанжаласып, қол көтереді", - деді Байболов. "Шабуылдағандардың бірі мені таниды". Алматыдағы букмекерлік кеңсенің күзетшісі