Қазақстандықтар өз атына кредит рәсімдеуге тыйым сала алады

0
364

Халықты алаяқтық әрекеттен қорғауды көздейтін өзгерістер азаматтардың банктік қарыздармен микрокредиттерден ерікті түрде бас тарту құқығын бекітеді.


Қазақстандықтар өз атына кредит рәсімдеуге тыйым сала алады

ERNUR.KZ. Қазақстан азаматтарына кредит алуға тыйым салуға мүмкіндік беретін заң жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дайындап жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Халықты алаяқтық әрекеттен қорғауды көздейтін өзгерістер азаматтардың банктік қарыздармен микрокредиттерден ерікті түрде бас тарту құқығын бекітеді.
Бұл сервис "электронды үкіметтің" веб-порталында және "eGov Mobile" мобильді қосымшасында іске асырылады.
Жеке тұлғаның кредит тарихында несиеден ерікті түрде бас тарту туралы белгі болса, банктер мен микроқаржы ұйымдарына кредит беруге жеке тыйым салынады.
Ал егер өзіне тыйым салған адамға кредит берілсе, ол кредит бойынша міндеттемеден босатылады.
Ведомствоның мәліметінше, заңнамалық түзетулер қаржы нарығына қатысушылармен келісіліп қойған,қазір мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімі өтіп жатыр.