Қазақстандықтар Өзбекстанға саяхаттаудан үштікке енді

0
887

Мұндай мәліметті Өзбекстан Республикасының туризм министрлігі және мәдени мұра министрлігі жариялады.


Қазақстандықтар Өзбекстанға саяхаттаудан үштікке енді

ERNUR.KZ. 2022 жылы наурызда Өзбекстанға барған саяхатшылар арасындағы рейтингте қазақстандықтар екінші орынға шықты, деп жазады tengritravel.kz.

Мұндай мәліметті Өзбекстан Республикасының туризм министрлігі және мәдени мұра министрлігі жариялады.

Ведомство мәліметінше, Өзбекстанға келген қонақтар арасында (өткен айда әр түрлі орналасу мекемелерін жалдаған), ішкі туристерден бөлек, Ресей азаматтары - 23,4 пайыз, Қазақстан - 18,9 пайыз және Тәжікстан - 14,4 пайыз, Сондай-ақ, Түркия азаматтары - 7,7 пайыз, Қырғызстан - 6,3 пайыз, Беларусь - 4,6 пайыз, Қытай - 3,2 пайыз және Франция - 1,7 пайыз шетелдік қонақтар қонақүйлерде орналасқан. Жалпы 2022 жылы наурызда Өзбекстанға 72 мың шетелдік қонақ келген.

Пандемияға дейінгі дәуірде 2019 жылы наурызда 84,8 мың шетелдік азамат қонақүйлерде қоныстанған. Ол кездері Қазақстан азаматтары 15 пайызбен үздік үштікке енетін. Ресей азаматтары - 16,8 пайыз, ал Тәжікстан - 6,3 пайыз болатын.