Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалатыны белгілі болды

0
792

Қазақстандықтар шілденің соңында тағы бір күн демалады. Ол күн жұмаға түскендіктен қазақстандықтар тағы да үш күн қатарынан демалады.


Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Биыл шілдеде 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні бар, - деп жазады тengrinews.kz.

Осылайша, сенбі мен жексенбі күндерін санамағанда қазақстандықтар 6 шілдеде демалады: бұл күні елорда күні атап өтіледі. Мереке дүйсенбіге түскендіктен қазақстандықтар биыл үш күн қатарынан демалатын болды.

Сондай-ақ, қазақстандықтар шілденің соңында тағы бір күн демалады - Құрбан айт мейрамы. Ол күн жұмаға түскендіктен қазақстандықтар тағы да үш күн қатарынан демалады.