Қазақстандықтар үшін Таиландқа виза тегін беріледі

0
988

Осыған дейін туристер әуежайда 2 000 бат төлесе, енді олар бұл төлемнен босатылады.


Қазақстандықтар үшін Таиландқа виза тегін беріледі

ERNUR.KZ. Таиланд билігіндегілер туристерді тарту мақсатында виза үшін төлемді алып тастады. Бұл 21 мемлекеттің турисіне қатысты, олардың ішінде Қазақстан да бар, деп жазады Tengrinews.kz.

Bangkok Post басылымына сілтеме жасап. Осыған дейін туристер әуежайда 2 000 бат төлесе, енді олар бұл төлемнен босатылады. Сондай-ақ, турист 15 күнге келген болса немесе дәл туристік маусымда 1 желтоқсан мен 31 қаңтар аралығында келсе, виза үшін төлемейді екен.

Басылымның мәліметінше, Таиланд билігіндегілер Украина, Румыния, Қазақстан және Қытай туристерін қызықтырмақшы. Осылайша, туристердің саны кем дегенде 30 пайызға көбейетіні айтылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері Тайландқа 28 миллион шетелдік турист келген.