Қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспары белгілі болды

0
725

Вакцинация тәуекел тобына жататын, яғни, 65 жастан асқан адамдар - жүрек-қан тамырлары жүйесі, қант диабеті және өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар адамдар мен медицина қызметкерлеріне бірінші болады.


Қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспары белгілі болды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау бойынша алдын-ала жоспарын бөлісті, - деп жазады тengrinews.kz.

Ведомство өкілі вакцинация тәуекел тобына жататын, яғни, 65 жастан асқан адамдар - жүрек-қан тамырлары жүйесі, қант диабеті және өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар адамдар мен медицина қызметкерлеріне бірінші болатынын айтты. Шамамен 2 347 000 адамға вакцина есептеліп отыр.

Сонымен қатар, нақты жоспарлау вакцинаны әзірлеу мен клиникалық сынақ аяқталғаннан кейін және препараттың бағасы анықталған соң басталады. Қазіргі уақытта вакцина дайын емес, бағасы да айқындалмаған.