Қазақстандықтардың 1 минутта қанша ақша аударатыны белгілі болды

0
865

Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштен асып түседі және ұлттық төлем жүйелері жұмысының жоғары тиімділігін сипаттайды.


Қазақстандықтардың 1 минутта қанша ақша аударатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. 2019 жылы ұлттық төлем жүйелері арқылы орташа есеппен күніне 3,1 трлн теңге сомасына төлемдер жүргізіліп отырған, деп жазады Skifnews.kz.

2019 жылы Қазақстан аумағында ұлттық валютада жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі 793 трлн теңгені құрады, оның 96%-ы Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы жүргізілді.

"2019 жылы көрсетілген төлем жүйелері арқылы 762,0 трлн теңге сомасына 41,6 млн транзакция жүргізілді. Орташа есеппен күніне ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,1 трлн теңгеге 169,3 мың төлем жүргізіледі, яғни операциялық күндері орта есеппен минутына 4,4 млрд теңге өтеді", - делінген ресми хабарламада.

Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігі коэффициенті 2019 жылы 99,99% болды. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштен асып түседі және ұлттық төлем жүйелері жұмысының жоғары тиімділігін сипаттайды.