Қазақстандықтардың Германиядағы әрекеті видеоға түсті: желіні шулатқан оқиғаның мән-жайы

0
762

​Шетелдік тағылымдаманы ұйымдастыруға жауапты болған лауазымды тұлғалар қазіргі уақытта сот төрелігі академиясында қызмет етпейді.


Қазақстандықтардың Германиядағы әрекеті видеоға түсті: желіні шулатқан оқиғаның мән-жайы

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде үш қыз бен үш жігіттің алкогольдік ішімдік ішіп, билеп жүрген видеосы тарап кетті. Олардың Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясының магистранттары екені анықталды. Германияның Висмар қаласындағы Hochshule Wismar – University of Applies Sciences-те екі апталық тағылымдамаға барған, деп жазады sputniknews.kz.

Академиядағылар бұл видео туралы білетінін айтты. Оқу ұйымының баспасөз қызметі осы іске қатысты арнайы комиссия құрылғанын жеткізді. Ол видеоны тексеретін болады. Магистранттар өткен жылдың қараша айында тағылымдамадан өткен.

"Тексеріс қорытындысы оларға қатысты тәртіптік шара қолдануға негіз болады. Видеодағы ақпарат дәлелденіп, магистранттар академиядан шығарылатын болса, оларды оқытуға жұмсалған қаражат толықтай қайтарылады", - деді сот төрелігі академиясындағылар.

Видеодағы магистранттардың академияға екі жыл бұрын түскені айтылып отыр.

"Олар мемлекеттік органдардың, яғни министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлері ", - деді баспасөз қызметі.

Сот төрелігі академиясында оқу мен диплом магистранттардың судья қызметіне автоматты түрде түсетінін білдірмейтінін айтты. Олар жоғары сот кеңесінің іріктеуінен өтуі тиіс.

"Егер бұған дейін әрбір төртінші кандидат конкурстан өтсе, өткен жылдан бері іріктеу ережесі қатаңдады. Енді әрбір он екінші үміткер ғана өте алады ", - деді мекемеде.

Шетелдік тағылымдаманы ұйымдастыруға жауапты болған лауазымды тұлғалар қазіргі уақытта мекемеде қызмет етпейді.