​Қазақстандықтардың орташа жалақысы 158 мың теңге – министр

0
1 291

Министр 9 айда қазақстандықтардың жалақысы бір қарқынмен өсіп келе жатқанын атап өтті.


​Қазақстандықтардың орташа жалақысы 158 мың теңге – министр

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылың 9 айының қорытындысы бойынша ел тұрғындарының орташа жалақысы 158 мың теңге деңгейінде қалғанын мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

Отырыста министр 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы еліміздің әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп берді.

Оның айтуынша, еңбек нарығындағы жағдай тұрақты екен.

«Ағымдағы жылдың басынан бері 414,5 мың адам жұмысқа орналасқан. Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде», - деді Тимур Сүлейменов.

Осы орайда министр 9 айда қазақстандықтардың жалақысы бір қарқынмен өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйекте орташа айлық жалақы 158,2 мың теңгені құрады және нақты мәнде 1,9%-ке өсті», - деді Сүлейменов.