Қазақстандықтардың табысы неге өспейді – министр жауабы

0
449

Орталық коммуникациялар қызметінде министр қазақстандықтардың табысы неге өспейді деген сұраққа жауап берді.


Қазақстандықтардың табысы неге өспейді – министр жауабы

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев халықтың табысының өсуі ел экономикасының дамуына тікелей байланысты екенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден қазақстандықтардың табысы неге өспейтінін сұрады.

Әсет Ерғалиев үкімет халықтың нақты табысын арттыру жұмысымен тұрақты түрде айналысатынын атап өтті.

"Бұл кешенді мәселе. Бұл жерде қысқамерзімді және ұзақмерзімді құралдар бар. Егер біз табыстың тұрақты өсуі туралы айтсақ, жалғыз жол – ұзақмерзімді құралдар. Бұл экономиканы әртараптандыру, құрылымдық реформалар жүргізу, сапалы жұмыс орындарын құру", - деді ол.

Осыдан кейін министр қысқамерзімді құралдарға тоқталды. Ол ең төменгі жалақының көбейгенін, дәрігерлердің, мұғалімдердің, басқа қызметкерлердің жалақысы өскенін айтты.

"Табысты арттырумен байланысты мәселе, егер біз оның жүйелі шешілуі туралы айтсақ, ол экономиканың дамуы. Экономика дамыса, жұмыс орындары болса, табыс өседі. Халықтың табысын өсірумен байланысты мәселелер экономиканың дамуына тікелей байланысты", - деп жауап берді ведомство басшысы.