Қазақстандықтарға әуебилетін бөліп төлеу арқылы алуға мүмкіндік туды

0
638

Барлық шара бірнеше минутты алады және онлайн режимінде іске асырылады.


Қазақстандықтарға әуебилетін бөліп төлеу арқылы алуға мүмкіндік туды

ERNUR.KZ. Авиата мамандары әуе қызметін қолданушыларға жаңа мүмкіндіктер пайда болғанын хабарлайды. Әуе билеттерінің бағасы тұрақсыз, олар әрдайым өзгеріп отырады. Тәжірибелі саяхатшылар билет бағаларының санаулы минуттар ішінде өзгеріп кететінін жақсы біледі. Осы орайда көптеген әуе компаниялар билеттерді арзандатып сату мақсатында маусымдық жеңілдіктер жасайды, деп жазады tengritravel.kz.

Саяхатқа шығуды қолжетімді ету мақсатында Aviata билеттерді бөліп төлеу қызметі түрін қосып отыр.

Жаңа қызмет түрі қолданушыларымызға:

  • арнайы сапарға шығу үшін ақша жинап әуре болмай, жалақының түсуін күтпестен қажетті билетін алуға мүмкіндік береді;
  • тиімді жеңілдіктерді пайдаланып, билет ала алады;
  • өзіңізге және бүкіл отбасыңызға арзан бағамен билеттерді алдын-ала сатып алуға болады;
  • тосыннан келген іс-шаралар мен қызықты сәттерден құр қалмауға мүмкіндік береді
  • Саяхатты өзіңізге ыңғайлы шарттармен жоспарлауға мүмкіндік береді


"Қазақстандықтарға тиімді және оңтайлы саяхатты жоспарлау мақсатында жаңа мүмкіндіктер пайда болғанын қуана хабарлаймыз. Біздің басты мақсатымыз адамдар мен мәдениеттерді жақындастыратын технологияларды құру идеясына негізделген және біздің әр ісіміз - бұл ең жақсы пайдаланушы тәжірибесі мен озық шешімдерді ұсынуға деген ұмтылыстың нәтижесі", - деді Aviata.kz директоры Николай Мазенцев.


Әуебилетті бөліп төлеу арқылы сатып алу үшін банкте карта ашудың немесе келісімшартқа қол қою үшін кеңсеге барудың қажеті жоқ. Барлық шара бірнеше минутты алады және онлайн режимінде іске асырылады.

Бөліп төлеу бойынша қандай шарттар қойылады?

Бөліп төлеу 20 жастан 75 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарына ғана беріледі;

Несие алу үшін ЖСН нөмірі мен оған тіркелген телефон нөмірі көрсетілуі қажет;

Бөліп төлеу тек үш айға беріледі, одан көп мерзімге несие ретінде беріледі;

Бөліп төлеу/несие жолаушының өзіне немесе брондалған билетте көрсетілген жолаушыға рәсімделеді (жоғарыда көрсетілген шарттарға сай келген жағдайда);

Несиеге өмірді сақтандыру сомасы кіреді, полисті қазақстандық Freedom Finance Insurance компаниясы ұсынады.

Несиеге билет алғанда тағы нені білуіміз керек?

  • 6 айға - сақтандыру сомасы берілген тапсырыстың 6 пайызын құрайды;
  • 9, 12 ай - сақтандыру сомасы берілген тапсырыстың 6,5 пайызын құрайды;
  • Мөлшерлеме аннуитеттік немесе сараланған төлем бойынша жылдық 22 пайызды құрайды;
  • Билеттерді бөліп төлеу немесе несиеге алу бойынша толық ақпаратты алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Мерзімнен бұрын кредитті жабуға бола ма?

Кредитті мерзімінен бұрын кез келген уақытта толық жабуға болады. Мерзімінен бұрын толық өтелген кезде сыйақы өтеудің нақты күніне қайта есептеледі.

Барлық чектер, шарттар және төлемдер бойынша нұсқаулықтар клиенттерге онлайн-форматта ұсынылатын болады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.