Қазақстанға +32-ге дейін аптап ыстық келе жатыр

0
1 164

Елдің оңтүстігі мен орталығында күн 27−32°С-қа дейін ысиды.


Қазақстанға +32-ге дейін аптап ыстық келе жатыр

ERNUR.KZ. 4-6 мамырда Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады, деп жазады Zakon.kz.

Антициклонға байланысты жауын-шашын тоқтап, күн райы күрт жылынады. 6 мамырда облыстардың көпшілігінде күндіз ауа 23−28°С-қа дейін жылынады.

Елдің оңтүстігі мен орталығында күн 27−32°С-қа дейін ысиды.

4 мамырда оңтүстік-шығыс аймақтың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді – бұл суық атмосфералық фронттың соңғы әсері. 5 мамырда ол жерлерде күн жылына бастайды.

Қазақстанның батыс аймағы бұл кезеңде Еуропадан келген атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Батыста үш күн бойы жаңбыр, жел және найзағай күтілуде.