Қазақстанға 500 миллион шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды (видео)

0
879

Қылмыстық топ мүшелері кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға көмектескен.


Қазақстанға 500 миллион шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды (видео)

Павлодар облысында 4 жылдан астам «өзара есеп айырысу» туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз жазып берумен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша ЭТД деректері бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ контрагент кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға жәрдем көрсеткен. Нәтижесінде мемлекетке 500 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Павлодар қалалық сотының үкімімен күдіктілер жалған шот-фактураларды жазу бойынша іс-әрекеттер жасауда кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан, 5 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.