Қазақстанға 72 миллион теңгенің затын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

0
764

Олар, міндетті баж салығы мен өзге де салықтық төлемге 18 миллион теңге бергісі келмеген.


Қазақстанға 72 миллион теңгенің затын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. «Алтынкөл-жол» кедендік бекетінде контрабандалық жолмен тауар алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл жолы шекарадан 72 миллион теңгенің заты тәркіленді, деп жазады Almaty.tv.

Алматы облысы кірістер департаментіндегі мамандар жүргізген экономикалық тексерістің нәтижесінде Кореядан Қырғыз еліне Қазақстан арқылы киім-кешек тасымалдамақ болған екен. Олар, міндетті баж салығы мен өзге де салықтық төлемге 18 миллион теңгеден астам ақша төлеуден жалтарғылары келген. Қазір тергеу жалғасуда.