Қазақстанға аттанған ұшақ шұғыл түрде Мәскеуге оралды

0
565

Ұшақ бір сағаттай ұшып жүріп, сәтті қонды.


Қазақстанға аттанған ұшақ шұғыл түрде Мәскеуге оралды

ERNUR.KZ. Мәскеу – Нұр-Сұлтан рейсін орындаған Superjet ұшағынан ақау шығып, Шереметьево әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды, деп жазады zakon.kz.

ТАСС ақпарат агенттігінің жазуынша, 26 шілдеде Мәскеу – Нұр-Сұлтан рейсін орындамақ болған Superjet ұшағы ақауға байланысты Шереметьевоға оралды.

Ұшақ бір сағаттай ұшып жүріп, сәтті қонды.

Шереметьево әуежайы сайтында жазылғандай, 26 шілдеде Нұр-Сұлтанға рейсті «Россия» әуе компаниясының Superjet 100 ұшағы орындауға тиіс болған.