Қазақстанға бір тәулікте 37 халықаралық әуе рейсі келді

0
578

Өткен тәулікте 4 742 авиажолаушы келді.


Қазақстанға бір тәулікте 37 халықаралық әуе рейсі келді

ERNUR.KZ. 2021 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Венгрия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 37 халықаралық әуе рейсі келді, деп жазады ҚазАқпарат.

Өткен тәулікте 4 742 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 1 875 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1741 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 186 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 178 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 114 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 143 жолаушы;

Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 168 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына - 2 рейс, 337 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.