Қазақстанға келетіндер азайып, кететіндер көбейген

0
848

Қазақстанның ішкі көші-қоны 22,7 процентке көбейді.


Қазақстанға келетіндер азайып, кететіндер көбейген

ERNUR.KZ. Қазақстанда 1 шілде күнгі жағдай бойынша халық саны 18 миллион 507,9 мың адамға жетті, деп жазады sputniknews.kz.

2018 жылдың 1 шілдесінен бері қазақстандықтардың қатары 235,5 мың адамға (1,3%) көбейді.

Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, қала халқының саны 10 миллион 816,6 мың адам болды. Бұл – барлық қазақстандықтың 58,2 проценті. Қалған 41,8 проценті – 7 миллион 726,3 мың адам ауылда тұрады.

Биыл алты айдың ішінде 1 жасқа дейін қайтыс болған балалардың саны 1 702 адам болды. Былтыр тура осы кезеңде 1 626 бала көз жұмған. Осылайша, бала өлімі 4,7 процентке артып отыр. Негізгі себептері – перинаталдық кезеңдегі жағдайлар (881 бала), туа біткен ауытқулар (337 бала), тыныс алу мүшелерінің аурулары (131 бала), сондай-ақ, улану, жарақат алу мен жазатайым оқиғалар (60 бала).

Көші-қон саласында Қазақстанға келетіндерге қарағанда, кететіндер көп болып тұр. Келген адамдардың саны 11,3 процентке азайса, кетіп қалғандар, керсінше, 16,9 процентке артты. Осы азаматтардың басым бөлігі ТМД аумағында көшіп жүреді. Ал Қазақстанның ішкі көші-қоны 22,7 процентке көбейді.