Қазақстанға келген гуманитарлық көмектің таратылуы тексеріле бастады

0
573

Компанияның басшылығы мен қызметкерлері тарапынан анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Қазақстанға келген гуманитарлық көмектің таратылуы тексеріле бастады

ERNUR.KZ. Антикор шетелдік гуманитарлық көмекті таратуды және МӘСҚ қаражатын жымқыру фактісін тексеріп жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеген.

"Агенттік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, жұртшылық пен сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік сегменттегі дәрі-дәрмектердің, медициналық техника мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы - "СК-Фармация" ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды бастады.

Талдау барысында компания қызметінің ұйымдастыру-басқару қызметі мен нормативтік-құқықтық базасы жан-жақты зерделенеді. Нәтижелері бойынша оның қызметінің тиімділігін арттыру, ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру, бизнес-процестерді трансформациялау, әкімшілік шығындарды қысқарту, мемлекеттік сатып алуды тиімді ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар енгізіледі", - делінген хабарламада.

Агенттік компанияның басшылығы мен қызметкерлері тарапынан анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.

Сонымен қатар, Агенттік жұртшылықпен бірлесіп COVID-19-бен күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмекті таратуды тексеріп жатыр.