Қазақстанға Кореядан гуманитарлық көмек жеткізілді

0
445

Айдың аяғына дейін жәрдемнің екінші партиясы жеткізілуі тиіс.


Қазақстанға Кореядан гуманитарлық көмек жеткізілді

ERNUR.KZ. Корея республикасынан гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы елімізге жеткізілді. Бұл 425 мың долларға бағаланған ПТР-тесттер, деп жазады 24.kz.

Оның көмегімен 38 мың 800 сараптама өткізуге болады. Айдың аяғына дейін жәрдемнің екінші партиясы жеткізілуі тиіс. Бұл 72 оттегі құрылғысы мен науқастарды бақылауға арналған 50 монитор.

Тағы бір рейспен 75 мың долларға бағаланған медициналық маскалар келуі тиіс. Осылайша Корея Республикасының үкіметі еліміз үшін 800 мың долларға медициналық құрал-жабдық сатып алды. Бұл екі жақты қатынастар тарихындағы гуманитарлық көмектің ең үлкен көлемі.

Канг Джу Ён, Корея Республикасы СІМ Департаменті директорының орынбасары: -"Өткен жылы Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инның Қазақстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапарынан кейін елдеріміз арасындағы ынтымақтастық дамып келеді" деп жазады

Үкіметіміз гуманитарлық жәрдем көрсетуге шешім қабылады. Бұл Қазақстан үкіметі мен халқына коронавирус індетін еңсеруге көмегін тигізеді деп үміттенеміз.