Қазақстанға Қытайдан гуманитарлық көмектің бірінші партиясы жеткізілді

0
727

Алматы әуежайында жүкті «Фармация» СҚ, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігі, ҚХР Бас консулдығы өкілдері күтіп алды.


Қазақстанға Қытайдан гуманитарлық көмектің бірінші партиясы жеткізілді

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен жақында өткен телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы бойынша қытай тарапының Қазақстанға гуманитарлық көмек беруі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін таңертең Алматы қаласының әуежайына бірінші гуманитарлық көмектің партиясы келді. Оның ішінде тепловизор, тест жиынтығы, медициналық бахила, қолғап, көзілдіріктер және медициналық киім кіреді. Жақын арада Қытайдан медициналық қорғаныс құралдарының тағы да келуі күтілуде» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, Алматы әуежайында жүкті «Фармация» СҚ, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігі, ҚХР Бас консулдығы өкілдері күтіп алды.