Қазақстаннан Украинаның аппараты ұшырылған жоқ – министрлік

0
519

Қорғаныс министрлігі азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмай, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.


Қазақстаннан Украинаның аппараты ұшырылған жоқ – министрлік

ERNUR.KZ. Қазақстанның қорғаныс министрлігі ресейлік БАҚ-та жарияланған Украина қарулы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшатын аппараттың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады sputnik.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, тараған ақпарат жалған.

"Московский Комсомолец" порталында жарияланған Қазақстаннан ресейлік әуеайлақтарға ұшқышсыз ұшатын аппараттың ұшырылғаны туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар бұл аппараттар Қазақстан Қарулы күштерінде мүлдем болмаған", – деді министрлік өкілдері.
Қорғаныс министрлігі азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмай, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.