Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
551

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40-45 градус ыстық болады.


Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. 17 шілдеде Нұр-Сұлтан, Алматы және еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40-45 градус ыстық болады.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 42 градус ыстық сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, 40 градус ыстық болады.
Нұр-Сұлтан қаласында жауын жауып, найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде және шығысында 35-37 градус ыстық болады.
Талдықорған қаласында күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.
Алматы облысының оңтүстігі мен солтүстігінде 35-37 градус ыстық болады.
Алматы қаласында 36 градус ыстық болады.
Қонаев қаласында күндіз 35-37 градус ыстық күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-38 градус ыстық сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ жауып, дауыл болады. Жел оңтүстіктен солтүстік-батыстқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 23 м/с. Kүндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады.
Семей қаласында найзағай болады. Жел оңтүстіктен солтүстік-батыстқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі.
Өскемен қаласында найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.