​Қазақстанның 2018 жылғы үздік боксшысы аталды

0
973

Қазақстанның бокс федерациясы (ҚБФ) 2018 жылды қорытындылады.


ERNUR.KZ. Қазақстанның бокс федерациясы (ҚБФ) 2018 жылды қорытындылады, деп жазады vesti.kz.

Осылайша, Ақмола облысының өкілі Теміртас Жүсіпов ел чемпионатын бесінші рет қатар ұтып, жылдың үздік боксшысы атанды. Ал қыздар арасында 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері шымкенттік Жайна Шекербекова үздік деп мойындалды.

Жастар арасында екі жеңімпаздан болды. Жылдың үздік боксшылары ағайынды Оралбайлар болды: Айбек 2018 жылы жастар Олимпиадасының чемпионы, ал Нұрбек - әлем чемпионы. Қыздар арасында жастар Олимпиадасының қола жүлдегері Надежда Рябец және Азия мен әлем чемпионы атанған Дина Исламбек үздік болды.

Жылдың үздік бапкері атағын Жүсіповты жаттықтыратын Қуанышбай Көкішев, ағайынды Оралбайларды жаттықтыратын астаналық Асқар Еркебаев және жастар құрамасын жаттықтыратын Ғалымбек Кенжебаев алды.

Ең үздік төреші AIBA халықаралық категориясы бар Ақмола облысының өкілі Арман Бүркітбаев болды.
Сонымен қатар, Қазақстан боксының 85 жылдығына "Қазақстан боксын дамытудағы еңбегі үшін" сыйы бапкер Серік Әбденалиевке берілді.

Ал еңбек сіңірген бапкерлер Борис Цхвирашвили (екі Олимпиадада төреші боды), Рахымжан Сыдықов, Виктор Демьяненко пен Евгений Зайцевтің бапкері - Александр Аникин, Хамит Бараев, Давид Костоев СССР-дің екі дүркін чемпионы, қазақстандық боксшылардан алғашқы болып халықаралық дәржедегі спорт шебері атанған Абдурашид Абдурахмановқа алғыс хаттер мен сыйлықтар табысталды.