Қазақстанның 3 қаласы сусыз, жылусыз және жарықсыз қалды (видео)

0
683

Қостанай, Рудный, Лисаковск қалаларында электр беретін құрылғылар мен ағаштар, билбордтар мен ғимараттардың қаптамасы қираған.


Қазақстанның 3 қаласы сусыз, жылусыз және жарықсыз қалды (видео)

ERNUR.KZ. Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты үш қала сусыз, жарықсыз және жылусыз қалды, деп жазады тengrinews.kz.

Қостанай, Рудный, Лисаковск қалаларында электр беретін құрылғылар мен ағаштар, билбордтар мен ғимараттардың қаптамасы қираған.

"Жарық бар кезде 11 хабарлама түсті. Оның үшеуі электр беру құрылғыларының қирағаны туралы болды. Қазір бүкіл қала бойынша ақпарат анықталып жатыр" - дейді Қостанай облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығы басшысының міндетін атқарушы Әлішер Батырбеков.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздар бар!

Сонымен қатар, Лисаковс тұрғындары да жарық пен жылудың өшкенін хабарлаған.

Қостанайда автобус қозғалысы тоқтаған. Облыстық жолдардың көпшілігінде көріну нөлге тең. Көптеген жол-көлік оқиғалары туралы хабарланып жатыр.