Қазақстанның 3 қаласында 5G қашан қосылатыны белгілі болды

0
523

5G ұялы байланыс стандартын енгізу бойынша қалаларда 11 тестік сынақ жүргізілді.


Қазақстанның 3 қаласында 5G қашан қосылатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 5G желісі еліміздің ірі үш қаласында қашан қосылатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«5G ұялы байланыс стандартын енгізу бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 11 тестік сынақ жүргізілді. Керекті жиілік диапазондарын босаттық. Ары қарай операторларға тарату механизмі қарастырылады. Сонымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желілері 2022 жылы іске қосылады. Ал облыстық орталықтарда 2025 жылға дейін жоспарланып отыр», - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.


Еске сала кетсек бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин жыл соңына дейін ауыл халқының 99%-на кең жолақты интернет қолжетімді болатынын мәлім еткен еді.