Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты: ертеңнен бастап не өзгереді

0
1 270

Қаулы 2020 жылдың 8 желтоқсанында сағат 00.00-де күшіне енеді.


Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты: ертеңнен бастап не өзгереді

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қаулы бойынша, енді серіктестік босануға рұқсат беріледі. Ол үшін серіктесінде ПТР әдісі бойынша тапсырылған COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы керек және оның нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспауы керек.

Сондай-ақ, Қазақстанға әуе рейстерімен ұшып келетіндерге, теміржол жолаушыларына, теңіз және өзен көлігімен келетіндерге қатысты ережелердің өзгергені айтылады.

Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Бас санитар дәрігердің қаулысы 2020 жылдың 8 желтоқсанында сағат 00.00-де күшіне енеді.