Қазақстанның батысында қырыққабат үш есе қымбаттады

0
581

​Қазір қырыққабаттың бір келісін 390-550 теңгеден сатып жатыр, ал бір жыл бұрын ол 100-140 теңге тұрған еді.


Қазақстанның батысында қырыққабат үш есе қымбаттады

ERNUR.KZ. Орал әкімдігі көкөніс бағасына қандай факторлар ықпал ететінін айтты, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жасау барысында қырыққабат (276,29%), қант (101,08%), сәбіз (75%), ірімшік (66,83%) және қарақұмық жармасы (52,12%) қатты қымбаттағаны анықталды.
Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратынша, бұл өнімнің бәрі сырттан әкелінеді. Мәселен, облыс өз аумағында өсірілетін қырыққабатпен тек 54%-ке, сәбізбен – 51%, ірімшікпен небәрі 5%-ке қамтылған. Ал қант пен қарақұмық облыста мүлде шығарылмайды, деп жазады өңірлік "Мой город" басылымы.
Бұл тізімнің көшін ақбас қырыққабат бастап тұр, оның бағасы бір жылда 276,29%-ке көтерілген. Егер 2021 жылғы 16 наурызда қырыққабат келісіне 97 теңге тұрса, биыл 15 наурызда 365 теңге болған. Тек наурыз айының өзінде бұл өнімнің бағасы кемінде 15%-ке өсті.
Дүкендер мен супермаркеттерде қырыққабат бағасы 390 теңгеден (базарлар мен супермаркеттерде) 550 теңгеге дейін (үй жанындағы дүкендерде) барады. Сатушылар қымбаттаудың немен байланысты екенін түсіндіре алмайды.