​Қазақстанның батысында мұздай қаруланған 200 студент "разборкаға" шықты

0
1 832

Ақтөбе колледжінің 16-22 жас аралығындағы екі жүз студенті пышақ, кастетпен қаруланып, төбелеске дайындалған


​Қазақстанның батысында мұздай қаруланған 200 студент

ERNUR.KZ. Ақтөбе колледжінің 16-22 жас аралығындағы екі жүз студенті пышақ, кастетпен қаруланып, төбелеске дайындалған, деп жазады sputniknews.kz.

Полиция мен қоғамдық ұйымның үйлесімді жұмысының арқасында трагедиямен аяқталуы мүмкін жанжалға жол берілмеді.

Өңірлік басылым қызыл шеке төбелес өткен аптада қала орталығында жоспарланғанын жазды.

"Бүркіт" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Серік Сағиевтің айтуынша, "разборка" жергілікті жігіттердің бірі соққыға жығылғаннан кейін басталған. " Бүркіттіктер" зәбір көрген тараптың кек алуға дайындалып жатқанын біліп қалып, полиция шақырған.

Төбелеске 16-дан 22 жасқа дейінгі екі жүзге жуық студент келді. Сағиевтің айтуынша, полиция қызметкерлері студенттердің автокөліктерінен бірнеше пышақ, бита, шынжыр және кастет тапқан. Бөлімшеге 13 адам жеткізілді, деп толықтырды ол.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жастарды қысқа уақытта татуластырып үлгерді: келесі күні бір топ жігіт сауда орталығының жанында жиналды. Олар "бүркітшілерді" көріп, мәселенің шешілгенін айтып, үйлеріне тарады.