Қазақстанның боксшы қыздары Польшада өткен турнирде 11 медаль жеңіп алды

0
679

Халықаралық әйелдер турнирінде Қазақстан қоржынына үш алтын түсті.


Қазақстанның боксшы қыздары Польшада өткен турнирде 11 медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Бокстан Қазақстан құрамасы Польшада өткен халықаралық әйелдер турнирінде сәтті өнер көрсетті. Спортшыларымыз 11 медаль жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz.

Алуа Балқыбаева, Назым Қызайбай және Карина Ибрагимова алтыннан алқа тақты.
Валентина Хальзова күміс жүлдегер атанды.
Ал Балауса Муздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мадина Нұрашева үшінші орын иеленді.