​Қазақстанның екі өңірінде тасжолдар жабылды

0
998

Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді.


​Қазақстанның екі өңірінде тасжолдар жабылды

ERNUR.KZ. Қазақстанның екі облысындағы республикалық жолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті "Қазавтожол" хабарлайды, деп жазады sputniknews.kz.

Қызылорда облысы

Ауа райының қолайсыздығы (нөсер жауын мен көктайғақ) Арал қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін, Шымкент –Самара республикалық тасжолының 1362-1240 километрінде қозғалысты тоқтатуға әкеп соқтырды.

Ақтөбе облысы

Жаңбыр мен көктайғақтың салдарынан Ырғыз елді мекенінен Қызылорда облысының шекарасына дейін, Самара – Шымкент тасжолының 1153-1240 километрінде көліктің барлық түрі үшін жол жабылды.