Қазақстанның ең үлкен Туы биікке көтерілді (видео)

0
1 352

Ту тұғырдағы көк Байрағымыз көкке көтерілгеннен кейін Әнұран шырқалды


Қазақстанның ең үлкен Туы биікке көтерілді (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті, деп жазады inform.kz

«Бүгін елімізде мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Салтанатты мейрамға орай «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің аумағында Ту көтеру рәсімі өтті», - деп жазылған ҚР Президенті Телерадиокешенінің ресми аккаунтында.


ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Құрметті қарауылы Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдық мерекесіне орай Мемлекеттік туды салтанатты жағдайда көтеру үшін этно-мемориалдық кешен алдында сап түзеді. Ту тұғырдағы көк Байрағымыз көкке көтерілгеннен кейін Әнұран шырқалды