Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері өмірден озды

0
2 853

Нурикамал Сейтжанова танымал "Нурикамал" әніне арқау болған жан.


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері өмірден озды

ERNUR.KZ. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейтжанова 72 жасында өмірден өтті, деп жазады Тengrinews.kz.

Нурикамал Сейтжанова еңбек жолын совхоздың жұмысшы қызметінен бастады және мемлекеттік қызметшінің табысты мансаптық өсуінің барлық сатысынан өтті. Әр жылдары мұғалім, Торғай облыстық атқару комитетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Торғай облыстық мәдениет басқармасының, Қазақстан халқы кіші ассамблеясының атқарушы хатшылығының, Ақмола облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының, Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары Мемлекет тарихы институтында қызмет еткен.

"Нурикамал" әні Нурикамал Сейітжановаға арналған. Әнге арқау болған бойжеткеннің есімі араб тілінен алынған: "Нури" - көрікті, "камал" кемеліне келген, толысқан сұлу дегенді білдіреді.

Әннің сөзін жазған - Ханбибі Есенқарақызы, ән авторы - Тұрдықылыш Ізтаев. Олар ерлі-зайыпты жандар. Ән Тұрдықылыш Ізтаевтың Нурикамал есімді қызға ғашық болуынан туған екен. Ән 1988 жылы жарық көрген. Ол кезде отбасының үш баласы болған.