​Қазақстанның қай өңірінде жігіттерге қарағанда қыздар көп?

0
1 627

20-30 жас аралығындағы 100 әйелге 81,1 ер адамнан келеді.


​Қазақстанның қай өңірінде жігіттерге қарағанда қыздар көп?

ERNUR.KZ. Алматыда 20-30 жас аралығындағы 100 әйелге 81,1 ер адамнан келеді. Бұл туралы ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Тәуелсіздік жылдарында халық саны 2 миллион адамға көбейіп, өсу қарқыны – 12,2 пайыз (2018 жылдың 1 қарашасы). Тәуелсіздік жылдарында мемлекетте 8,7 миллион адам туылған, олардың ішінде 400,6 мың бала 2016 жылы туылған. Жыл сайын әрбір жетінші бала Түркістан облысында туылады.

2018 жыл басына Оңтүстік Қазақстан облысының 25 жасқа дейінгі халық саны – 1,6 миллион адам, бұл сан Алматы қаласы мен Алматы облысынан басқа 13 аймақтың халық санынан асты. 2018 жыл басына жастар (15-28 жас) Алматы (186,6 мың еркек және 219,5 мың әйел), Шымкент (102 мың еркек және 106,9 мың әйел) және Астана (102,5 мың еркек және 112,6 мың әйел).

2018 жыл басына 20-30 жастағылар Алматы (183,6 мың еркек және 226,4 мың әйел), Шымкент (86,1 мың еркек және 95,2 мың әйел) және Астана (97,7 мың еркек және 111,0 мың әйел). 2018 жылдың басына елдің өңірлері арасында жалпы халық саныңда зейнет жастағы халық қарқынының ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында 17,95 пайыз.

2017 жылдың басына республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 20-30 жастағы ерлер мен әйелдердің арақатынасы мынадай түрде құрылады: Ақтау қаласында 100 әйелдерге 105,5 ер адам, Қызылорда қаласында 100,4 ер адам, Атырау қаласында 95,5 ер адам, Тараз қаласында 94,8 ер адам, Қарағанды - 92,6, Талдықорған - 94,1, қалаларында 92 ер адам, Павлодар - 90,9, Петропавл - 89,9, Орал - 92,6, Көкшетау қалаларында 91,5 ер адам, Өскемен қаласында 90,1 ер адам, Астана - 87,9, Ақтөбе қалаларында 89,3 ер адам, Қостанай қаласында 86,9 ер адам, Алматы қаласында 81,1 ер адам сәйкес келеді.

1992-2017 жылдарында күтілетін өмір ұзақтығы ерлерде 62,4 жастан 68,72 жасқа дейін, әйелдерде - 72,3 жастан 76,92 жасқа дейін артты. Ерлер мен әйелдер арасындағы өмір ұзақтығының айырмасы 1992 жылда 9,8 жас, 2017 жылда 8,2 жас.