Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды

0
1 136

Бұл қызметке Мұрат Баймұқашев келді.


Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады ERNUR.KZ ҚР Президентінің сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды," - делінген ресми хабарламада.

Ол бұған дейін қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі Қазақстан Республикасы премьер-минстрі канцеляриясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.