​Қазақстанның ММА шеберлері Қытайдан 1-орынмен оралды

0
1 272

Қазақстан спортшылары Қытайдан үш алтын, бес күміс және бір қола медальмен оралды


​Қазақстанның ММА шеберлері Қытайдан 1-орынмен оралды

ERNUR.KZ. ММА-дан V Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топ жарды, деп жазады 24.kz.

Қытайдың Харбин қаласында өткен байрақты бәсекеде спортшыларымыз он салмақ дәрежесінде сынға түсіп, тоғыз медальмен оралды. Олардың үшеуі алтын, бесеуі күміс және біреуі қола.

Ерлер арасында Аслан Ораз бен Нұрнияз Қошбаев алтыннан алқа тақты. Ал әйелдер арасында 52 келіге дейінге салмақта күш сынасқан Нұржамал Садықова қарсылас шақ келтірмеді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан – бірінші, ал қытайлықтар екінші орынға тұрақтаса, қырғыз ағайындар үшінші орынды қанағат тұтты.