Қазақстанның солтүстік аймағындағы коронавирус ошақтары анықталды

0
700

Өңір аумағында коронавирус инфекциясының 5 ошағы бар.


Қазақстанның солтүстік аймағындағы коронавирус ошақтары анықталды

ERNUR.KZ. Петропавлда коронавирус ошағы болып саналатын мекенжайлар аталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Руслан Алишевтің сөзінше, 1 сәуір сағат 23:00-дегі жағдай бойынша өңір аумағында коронавирус инфекциясының 5 ошағы бар.

Петропавлда - 4 ошақ (Н.Назарбаев көшесі, 270; Парковая көшесі, 121; Хименко көшесі, 1 және Карим Сутюшев көшесі, 17) және тағы бір ошақ - Тайынша ауданы Келлеровка аулы.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 6 адам коронавирус жұқтырған.

Еске салайық, 2 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 7 адам, Атырау облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 6 адам тіркелді.