Қазақстанның «Соңғы мұғалімі» Түркиядан жүлдемен оралды

0
1 010

Осы фестивальге қатысқанның өзі жеңіс.


Қазақстанның «Соңғы мұғалімі» Түркиядан жүлдемен оралды

ERNUR.KZ. Жас режиссер Ален Рахметалиев түсірген «Соңғы мұғалім» қысқаметражды көркем фильмі Ыстанбұлда өткен Dostluk Kısa Film Festival халықаралық кинофестивалінде екінші орынды иемденді, деп жазады ҚазАқпарат.

Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Фильмде жуас химия пәнінің мұғалімі Ержан Қайдарұлының өмірі баяндалады. Оның сабақтарында оқушылар үнемі шулап отырады. Бір күні жоғарғы сынып оқушыларынан жәбір көрген ұлын қорғамақ болған ұстаз олармен күреспек болады.

«Бұл фестиваль ауқымды байқаулардың бірі. Оған Иран, Қырғызстан, Түркия, Франция, Италия, Бельгия және Швеция сынды елдердің фильмдері қатысты. Осы фестивальге қатысқанның өзі жеңіс деп санаймын. Фестиваль ұйымдастырушылары мен қонақтары қазақ киносына ерекше қызығушылық танытты», - деді режиссер Ален Рахметалиев.

Айта кетсек, Dostluk Kısa Film Festival кинофестивалі достыққа негізделген, адамзат пен ғаламның арасындағы байланысты насихаттайтын киноның барлық жанры мен форматын өз аудиторисына ұсынатын бірден бір фестиваль болын саналады.