Қазақстанның төрт қаласында рұқсат етілген митингі өтті

0
524

Алматы, Қарағанды, Ақтөбе мен Семей қаласында митинг болып өтті.


Қазақстанның төрт қаласында рұқсат етілген митингі өтті

ERNUR.KZ. 2020 жылдың мамыр айында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу туралы» заңға қол қойылған болатын. Яғни содан бері бейбіт митинг өткізу кезінде рұқсат алудың қажеті жоқ, тек ол туралы жергілікті атқарушы органға хабарлануы керек.

Бұл шаралар азаматтардың конструктивті сұранысына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» құруға бағытталған, деп жазады ҚазАқпарат.

13 қыркүйекте елдің төрт қаласында, атап айтқанда Алматы, Қарағанды, Ақтөбе мен Семей қаласында митинг болып өтті. Алматыда митингке 100-ге тарта адам қатысты. Басқа аймақтарда акцияға қатысушылардың саны аз болды.

Мемлекеттік органдар жиналыстарды өткізу кезінде заңда қарастырылғандай қолдау көрсетті. Қажет болған жағдайға медициналық көмек қарастырылып, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құқық қорғау органдары қызметкерлері де болды. Журналистерге арналған жедел баспасөз орталығы құрылды.

Митингке қатысушыларға масканы пайдаланып, қоқысты тастамауы керектігі туралы жадынамалар таратылды. Сондай-ақ митингке қатысушылардың температурасы өлшенді.

Жиынға қатысушылар қазақстандық жерді шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жалға бермеу, халыққа несиелік амнистия жариялау мәселелерін көтерді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер мәселесіне қатысты сұраққа нүкте қойған болатын. 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ол жер шетелдіктерге сатылмайтынын және мұның түпкілікті шешім екенін мәлімдеген еді.

Үкіметке жерді тиімді пайдалану мәселесін шешу, Жер кодексіне түзетулерді енгізу, бұл тақырыпты фермерлер бірлестігімен ел алдында талқылау тапсырылған болатын.

Инвентаризация барысында анықталған, пайдаланылмай жатқан 12,8 миллион гектар жердің 7 миллион гектары мемлекетке қайтарылды.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін инвестициялар мен технологиялар тартылуда.

Несиелік амнистияға келер болсақ, банктен алған несиелер бойынша мемлекет азаматтарға қарызын қайтаруға көмектескен еді.

2019 жылдың 26 маусымында Қазақстан Президенті «Қарыз жүктемесін төмендету туралы» Жарлыққа қол қойды. Үкімет пен Ұлттық банкке әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтардың кепілсіз тұтынушылық қарызын есептен шығару бойынша процесті бастауды тапсырған еді. Ол санаттағы азаматтардың қатарына – көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, өмірлік әртүрлі ауыр жағдайда қалған азаматтар жатқызылды.

Осының нәтижесінде қарызы барлардың 300 мың теңгеден несиесі жабылды. Сонымен бірге жарты миллион қазақстандық қосымша несиесін жабу үшін 300 мың теңгеден алды. Қарызы барларға құжат жинауы керектігі сұралмады. Қарызды жабу мәселесін толығымен мемлекет өз мойнына алды. Қарызы барлар амнистиядан кейін банк қызметінен несие тарихын тексеріп білетін болды.

Жалпы санкцияланған митингтер мемлекеттік органдардың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының табысты жүзеге асырылып жатқанын көрсетті.