Қазақстандық чаттарда ҰБТ туралы жалған ақпарат тарады

0
1 181

Жалған ақпараттың қазақстандық чаттарда таратылу мақсаты да – тұрғындардың ҰБТ-ға деген сенімділігін азайту болып табылады


Қазақстандық чаттарда ҰБТ туралы жалған ақпарат тарады

ERNUR.KZ. Ресейлік «Панорама» сатирикалық басылымының сайтында 76 жастағы алаяқ, АҚШ-та 1980 жылдары бірыңғай мемлекеттік емтиханға ұқсас оқушылардың білімдерін бағалау жүйесін тауып, енгізген Инвар Джонсонге қатысты аты шулы сот процесі аяқталғандығы туралы мақала жарияланды, деп жазады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Бұл жаңалықты фактчекингке тексеру барысында ақпарат жалған екені анықталып, Инвар Джонсон есімді адамның жоқ екендігі белгілі болды. Америкалық сайттарда да бұл жаңалық жарияланбаған.

Сарапшылардың пікірінше, аталмыш жалған ақпараттың таратылу мақсаты – Ресейдегі бірыңғай мемлекеттік емтихан, яғни тестілеу жүйесінің беделін түсіру. Жалған ақпараттың қазақстандық чаттарда таратылу мақсаты да – тұрғындардың ҰБТ-ға деген сенімділігін азайту болып табылады.

«Джонсонның еңбектерінің бірінде суреттелген оқушылардың білімдерін бағалау жүйесі федералдық білім Министрлігі жүргізген реформаның негізіне айналды. Кейін бұл жүйені басқа да мемлекеттер пайдалана алды, олардың қатарында Ресейде пайдаланылып жүрген бірыңғай мемлекеттік емтихан да бар», - делінген мақалада.

Құрметті ата-аналар мен әріптестер! Сенімсіз ақпарат көздеріне сенбей, ақпараттық кеңістікте абай болуларыңызды сұраймыз.