"Қазақтар Африкада керік атып алды" - Желіде жантүршігерлік видео тарады

0
1 428

Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі видеоға қатысты пікір білдірді.


ERNUR.KZ. Қазақстандықтар мессенджерлерде "Қазақтар Африкада аң аулады" деген видео таратып жатыр. Видеода белгісіз біреулер жабайы жануарды өлтіріп жатқаны көрсетілген, болжам бойынша оқиға Африкада болған, деп жазады Tengrinews.kz.

Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз хатшысы Самал Ибраева видеоға қатысты пікір білдірді.

"Біздің отандастарымыз жабайы экзотикалық жануарларды аулап жатқан видеоны көргеннен кейін жағымсыз сезім туып, тіпті көңілім қалды, оқиға шамасы "Африкада" болған. Мен мұны адам мәдениетінің ең төменгі көрсеткіші деп санаймын. Адамдар үшін бұл шынымен көңіл көтеру екені таңғалдырады - оларға жануарларды өлтіру құқығы берілгендей! Бұл жайт жануарлар тағдырына бей-жай қарамайтын адам ретінде мені қынжылтты. Экзотикалық елде де біз адам бола білуіміз керек. Мен мұндай әрекеттерді қолдамаймын. Ал жануарларға обал.
Мен қоғамдағы кез келген қатыгездіктің жазасын беріп, соттау керек деп санаймын. Әйтпесе, біз барлық техникалық жетістігімізге қарамастан қайтадан варварлық өмірге ораламыз", - деді Самал Ибраева.