"Қазақтелеком" басшысы Есекеев ұсталған жоқ – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

0
796

Қуанышбек Есекеев "Қазақтелекомды" 2010 жылдың 15 наурызынан бері басқарып келеді.


ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов "Қазақтелеком"АҚ ұлттық байланыс операторының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің ұсталғанын растамады, деп жазады sputnik.kz.

Еске сала кетейік, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды.
Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі –офшорлық фирмалар арқылы "Қазақтелекомның" 24% акциясына иелік ететін Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Әлеуметтік желіде "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Қуанышбек Есекеев "Қазақтелекомды" 2010 жылдың 15 наурызынан бері басқарып келеді.