Қазан айының ортасында коронавирус жұқтырғандар саны азаяды - Жандарбек Бекшин

0
503

Жандарбек Бекшин Алматыда қыркүйек-қазан айларында эпидахуал қандай болатынына болжам жасаған.


Қазан айының ортасында коронавирус жұқтырғандар саны азаяды - Жандарбек Бекшин

ERNUR.KZ. Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала бойынша қазан айына болжамын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазан айының ортасы мен соңына қарай тәулігіне 50-200 жағдай деңгейіне шығуымыз керек. Солай болжап отырмыз. Әрине, қала үлкен, халық тығыздығы жоғары. Коронавирус ешқайда кетпейді, тек аз мөлшерде тіркеледі, бұл біздің медициналық ұйымдарға қалыпты режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, тәуліктік өсім деңгейі төмендегенмен, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша қала «қызыл» аймақта қалып отыр.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда қыркүйек-қазан айларында эпидахуал қандай болатынына болжам жасаған еді.