​Қазан Жолдауы: «Құр диплом кімге керек?»

0
3 005

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құр диплом беріп, сапасыз мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындарын қысқарту тапсырды


​Қазан Жолдауы: «Құр диплом кімге керек?»

ERNUR.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында құр диплом беріп, сапасыз мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындарын қысқарту тапсырды, деп жазады Baq.kz.

«Жоғары оқу орындарына қойылатын талап күшейеді. Мемлекеттік гранттардың санын өсірдік. Енді жауапкершілікті арттыратын кез келді. Енді жоғары оқу орнының жұмысына қойылатын басты критерий – студенттің университеттің оқуды бітіргеннен кейін жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы болады», - деді.

Президенттің айтуынша, жаңа талап бойынша егер студент оқуын тәмамдап, жалақысы жоғары дұрыс жұмысқа орналасса, университеттің жұмысына оң баға беріледі.

«Олай болмаса, университет ары қарай жұмыс істемейді. Демек, ол кадрларды сапасыз дайындайды деген сөз. Біз министрмен бұл мәселе жөнінде сөйлескеміз. Енді осындай критерийді қоямыз», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев сапасыз мамандарды дайындайтын университтер туралы ақпарат халыққа ашық айтылуы қажет екенін атап өтті.

«Қанша студент жұмысқа тұра алмады? Олар қандай университеттерді бітірді? Оны ашық айту керек. Телевизордан көрсетіп, баспа арқылы жариялау керек. Сондықтан университтердің ірілендіру бойынша жұмыс жүргізу қажет. Қазақстанда 130-дан астам университет бар. Олардың саны 200 болған. Қазір олардың саны азайды. Мен университтерде білім алуға қарсы емеспін. Кім білім алғысы келсе, сол оқысын», - деді президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы университтерде жемқорлық деректері бар екенін ашық жеткізді.

«Ешкім керек емес мамандарды дайырлаудың не қажеті бар? Құр диплом кімге керек? Мұнда жемқорлық деректері бар. Тек құжат қана беріледі. Нарықта тек сапалы білім беретін университтер қалу керек», - деп түйіндеді сөзін Назарбаев.