​Қазан Жолдауы: Ұлттық банк шағын және орта бизнес үшін 600 миллиард теңге бөлінеді

0
2 928


​Қазан Жолдауы: Ұлттық банк шағын және орта бизнес үшін 600 миллиард теңге бөлінеді

сурет:youtube.com

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі Жолдауында Ұлттық банктің шағын және орта бизнесті дамыту үшін 600 млрд теңге бөлетінін айтты, деп жазады Baq.kz.

«Ұлттық банк Үкіметпен бірлесе отырып қаржы және нақты секторларды сауықтыру, инфляцияға қарсы кешенді саясат жүргізу мәселелерін жүйелі түрде шешуге кірісуі қажет» - деді Президент.

Сонымен қатар Президент Ұлттық банк басым бағыттағы өндіріс саласын, шағын және орта бизнесті несиелеу үшін 600 миллиард теңге бөлетінін айтты.

"Өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінеді. Экономикалық саясаттың басты бағыты – экспортқа шығу. Әсіресе, шикізатты өңдеу саласына басымдық берген жөн», - дейді Назарбаев.