Қажылыққа барған қазақстандықтардан ешкім зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ

0
738

Мұндай деректі ҚР Сыртқы істер министрлігі жария етті.


Қажылыққа барған қазақстандықтардан ешкім зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ

ERNUR.KZ. Қажылықта жүрген қазақстандықтар арасында зардап шеккен адам жоқ, деп жазады «Хабар 24».

Шетелдік басылымдардың жазуынша, биылғы қажылыққа әлемнің 167 елінен 1,8 млн адам барған. Солардың арасында Қазақстаннан барған 3 200 отандасымыз да бар.

ҚР Сыртқы істер министрілігінің ақпаратына сәйкес, әзірге қазақстандықтар арасында қажылық кезінде зардап шеккен адам жоқ.

«Қажылық кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ешқандай хабар түскен жоқ», - дейді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін Азертадж агенттігі Сауд Арабиясында қажылық маусымы кезінде 190 мың адамға медициналық қызмет көрсетілгенін хабарлаған болатын. Мәдинада мұсылман күнтізбесі бойынша зұлқада айының алғашқы күнінен зұлхижжа айының екінші күніне дейінгі аралықта 190 719 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Соның ішінде 297 адамның жүрегіне операция жасалған. Бұдан бөлек 921 диализ процедурасы, 44 лапороскопия операциясы, 293 хирургиялық операция қолданылған.