"Қазпошта" жүргізушісі көлікті мас күйінде айдаған

0
1 104

31 наурыз күні республикалық маңызы бар Самара – Шымкент тасжолының 1475-шақырымында Қазалы ауданының тұсында патрульдік рота бекетінің қызметкерлері жол ережесін бұзған КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан.​


ERNUR.KZ. Қызылордада көлікті мас күйде басқарған жүргізуші ұсталды, деп жазады Zakon.kz.

31 наурыз күні республикалық маңызы бар Самара – Шымкент тасжолының 1475-шақырымында Қазалы ауданының тұсында патрульдік рота бекетінің қызметкерлері жол ережесін бұзған КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан.

Ішімдік ішіп, көлік айдаған жүргізушіні полицейлер сараптамадан өткізу үшін Қазалы аудандық аурухананың наркологиялық бөліміне апарып, оның орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар тексеру барысында жүк көліктің "Қазпошта" мекемесіне тиесілі екені белгілі болды.

Алматы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жүк көлігі айып тұрағына қойылды. Жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.