"Қазпоштаға" жаңа басшы тағайындалды

0
838

"Қазпошта" АҚ-ның бұрынғы төрағасы Сәкен Сәрсенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.


Қанат Алпысбаев "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының шешімімен Қанат Алпысбаев "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін Қанат Алпысбаев "Самұрық-Қазына" қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған, 2008-2018 жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген" - деп хабарлады қордың қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті.


Бұған дейін "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Сәкен Сәрсенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.